$ 495.2  522.34  4.94

Көкшетауда тісін жұлдыртқан жасөспірім қайтыс болды

Дәрігерлер «суық тигізіп алған» деп, оны тұмаудан емдеген.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Адам өліміне әкелген тағы бір қайғылы оқиға Ақмола облысында тіркелді. Мұнда тісін жұлдыртқан жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жеткіншек тамыз айында Көкшетау қаласының іргесінде орналасқан Красный Яр елдімекеніндегі ауруханаға барған. Содан кейін дене қызуы көтеріліп, жүрегі айнып, құсқан. Алайда, дәрігерлер «суық тигізіп алған» деп, оны тұмаудан емдеген. Одан жағдайы жақсармаған соң, жеткіншектің өзі де бірнеше рет тісін жұлған стоматологқа жүгінген. Дегенмен, ақ халаттылар антибиотик жазып беріп, үйге жіберді, дейді анасы. Салдарынан жасөспірімнің жағдайы күннен-күнге нашарлап, комаға түсіп, он күннен кейін жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп жазды Qazaqstan арнасы.

 Аталған мәселе бойынша Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесі жанынан арнайы комиссия құрылды. Медициналық талаптарды бұзушылық анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданатын болады. Дегенмен әлі де дәрігерлерді толықтай кінәлау ерте. Комиссия шешімі шыққаннан кейін барлығы белгілі болады, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Кәмила Әбделманова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары