Анастасия Ананьева Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Слаломды есуден әйелдер арасындағы финалдық сайыста 19 жастағы Анастасия Ананьева мәреге екінші жетті.
Алтын медальді қытайлық Жуан Хуанг (107.71), күміс медальді Анастасия Ананьева (119.29) алды. Ал жапон спортшысы Харука Оказаки (119.59) қола медаль иеленді.