07.10.2023, 17:30

Азиада-2023: Қазақстан қоржынында оныншы алтын

Фото: olympic.kz
Қазақстандық караэші 68 келіден жоғары салмақта финалда непалдық Арика Гурунгпен сынға түсті.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Софья Берульцева ел қоржынына оныншы алтын салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Каратеден әйелдер арасында +68 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз Софья Берульцева финалда непалдық Арика Гурунгті 3:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды.