$ 498.34  519.72  4.85

Астана әуежайында коллекциялық монеталарды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Тәркіленген заттың алдын ала кедендік құны шамамен 85 млн теңгені құрайды.
Фото: ҰҚК Шекара қызметі
Фото: ҰҚК Шекара қызметі

Астана халықаралық әуежайында ҰҚК Шекара қызметі шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшілері декларацияланбаған коллекциялық монеталарды алып өтпек болды деген күдікпен екі қазақстандықты ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала деректер бойынша номиналы 100 және 50 мың теңге, салмағы 2 және 1 кг монеталар 999 сынамалы алтыннан жасалған.

Тәркіленген заттың алдын ала кедендік құны шамамен 85 млн теңгені құрайды.

Құқықбұзушылар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін құзыретті органдарға берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары