Сыртқы істер министрлігі Палестина-Израиль қақтығысына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқи отырыңыз: Израиль мен Палестина қақтығысты: жүздеген адам көз жұмып, тағы мыңдағаны зардап шекті
Қазақстан тарапы көп бейбіт тұрғынның қаза болуына әкеп соққан Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне алаңдап отыр. Тараптарды ахуалды бейбіт жолмен шешу үшін саяси құралдар іздестіруге және тек екі мемлекет арасындағы емес, жалпы Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі ушығуына әкелуі ықтимал іс-әрекеттерге бармауға шақырамыз, - деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігінен.
Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі азаматтарымызбен тұрақты байланыста екенін мәлімдеді.
Елшіліктің жедел байланыс арнасы ашылып, Қазақстан азаматтарына елге оралу үшін одан әрі көмек көрсету мақсатында олардың тізімі жасалып жатыр, - делінген хабарламада.