$ 441.66  475.14  4.86

Азия ойындарының жабылу салтанаты өтті

Бұл - рекордтық көрсеткіш.
Фото: hangzhou2022.cn
Фото: hangzhou2022.cn

Бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дүбірлі додада Азия Олимпиада кеңесі (АОК) құрамындағы 45 елден 12 500-ден астам спортшы келгенін атап өтті. Бұл - рекордтық көрсеткіш. 2018 жылы Индонезияда өткен Азиадада 11 300 адам тіркеліп, жаңа рекордтық көрсеткіш орнаған еді.

Ханчжоудағы Азия ойындары 1990 жылғы Бейжің мен 2010 жылғы Гуанчжоудан кейінгі Қытайда өткен үшінші Азия ойындары ретінде ерекшеленді.

Биыл еліміздің атынан Ханчжоу қаласында 30 спорт түрінен 524 қазақстандық саңлақ бақ сынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары