$ 494.87  520.65  4.91

СІМ Палестина-Израиль қақтығысына байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі азаматтарымызбен тұрақты байланыста екенін мәлімдеді.
Фото: ortcom.kz
Фото: ortcom.kz

Сыртқы істер министрлігі Палестина-Израиль қақтығысына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқи отырыңыз: Израиль мен Палестина қақтығысты: жүздеген адам көз жұмып, тағы мыңдағаны зардап шекті

Қазақстан тарапы көп бейбіт тұрғынның қаза болуына әкеп соққан Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне алаңдап отыр. Тараптарды ахуалды бейбіт жолмен шешу үшін саяси құралдар іздестіруге және тек екі мемлекет арасындағы емес, жалпы Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі ушығуына әкелуі ықтимал іс-әрекеттерге бармауға шақырамыз, - деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігінен.

Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі азаматтарымызбен тұрақты байланыста екенін мәлімдеді.

Елшіліктің жедел байланыс арнасы ашылып, Қазақстан азаматтарына елге оралу үшін одан әрі көмек көрсету мақсатында олардың тізімі жасалып жатыр, - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары