Синоптиктер 10-12 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Қазгидромет» РМК ұсынған мәліметі бойынша, таяу күндері республиканың басым бөлігінде ауырқысымды түзілімдердің жылдам өзгеруі күтіліп отыр. Синоптиктер жауын-шашын (жаңбыр қарға айналады) болады деп болжады, оңтүстікте жаңбыр жауады, жел күшейеді.
Түнде және таңертең еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады, – деп хабарлады синоптиктер.
Сондай-ақ температура төмендейді деп болжанды:
батыс аймақтарда түнде -5+7°, күндіз +5+18°,
Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде -5+5° дейін, күндіз +5+13° дейін.