$ 484.11  528.79  5.03

Елімізде қанша оқушы орамал тағатыны үшін мектепке бара алмай жүр

Бұл сұрақ бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа қойылды.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Бұл сұрақ бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа қойылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Үкіметтегі брифинг барысында журналистер министрге оқу жылы басынан бері Атырау облысында 150-ден астам оқушы хиджаб киетіндіктен мектепке бармайтыны жөнінде ақпарат барын айтқан. Тілшілер бұл мәліметтің рас-өтірігін министрден білмек болды. Бейсембаевтан ел бойынша жалпы статистиканы сұрады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Қыркүйек айының басында 150-ден астам оқушы болды (хиджаб киіп, мектепке бармайтындар). Сіздер мектеп балаларға ең алдымен, сапалы білім мен тәрбие алуы үшін керектігін жақсы түсінесіздер. Сондықтан ата-аналардың көпшілігі осыны түсініп, қабылдай бастады. Қазіргі уақытта мұндай сұрақтар жоқ. Басқа аймақтар бойынша [деректер] орамал тағатын оқушылардың саны бойынша деректі қарау керек. Маған берілген ақпарат бойынша мұндай оқушылар жоқ, - деп жауап берді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары