Израильдің Тель-Авив қаласынан Қазақстанға репатриациялық рейс ұшып шықты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
10 қазанда, яғни бүгін Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те Израильдің Тель-Авив қаласынан Қазақстанға репатриациялық рейс ұшып шықты. Бортта 166 жолаушы бар, олардың ішінде 124 ел азаматы және 42 шетелдік азамат, - делінген министрліктің мәлімдемесінде. Бүгін кешке ұшақ Алматы қаласына келеді деп күтіліп отыр.