11.10.2023, 01:30

Израильден эвакуацияланған қазақстандықтар елге жетті

Фото: Zakon.kz
Ұшақ Ақтау арқылы Алматыға ұшып келді.

Тель-Авивтен эвакуацияланған қазақстандықтар мінген ұшақ Алматыға қонды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Борт Тель-Авивтен Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те ұшып шыққан. Ұшақ Ақтау арқылы Алматыға ұшып келді.

Бортта барлығы 166 жолаушы, оның екеуі - нәресте болды.

Сондай-ақ, елге оралғандардың 14-і «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтіп жатқан стипендиат.

Отандастарымызды туған-туыстары, жақындары, достары және БАҚ өкілдері қарсы алды.