«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжауынша, қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тек Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында және шығысында жауын-шашын болмайды.
Республика бойынша түнде және таңертең екпінді жел соғады, көктайғақ болады, тұман түседі.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады кей уақытта екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +10+12°С.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +24+26°С.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +27+29°С.