11.10.2023, 07:30

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы қандай

Фото: Pixabay
Көктайғақ болып, тұман түседі.

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжауынша, қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тек Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында және шығысында жауын-шашын болмайды.

Республика бойынша түнде және таңертең екпінді жел соғады, көктайғақ болады, тұман түседі.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады кей уақытта екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +10+12°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +24+26°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +27+29°С.