$ 444.22  476.38  4.82

Қазақстан ең үздік 80 ел рейтингінде небәрі 71-орынға тұрақтады

US News & World Report порталы әлемдегі ең үздік 80 елдің тізімін жариялады. Бұл рейтингте Қазақстан небәрі 71-орынға тұрақтаған. Дегенмен, мұның өзі жетістік дейді отандық БАҚ өкілдері.

Ең үздік 10 мемлекеттің тізімі мынадай:

1. Швейцария
2. Канада
3. Ұлыбритания
4. Германия
5. Жапония
6. Швеция
7. АҚШ
8. Аустралия
9. Франция
10 Норвегия

71-орынды иемденген Қазақстан болса Украина, Пәкістан, Ангола, Ливан, Нигерия, Алжир, Иран және Сербияның ғана алдын түскен. Сарапшылар Қазақстанның мұхитқа шығатын жолы жоқ ең ірі ел екенін, басым бөлігі Орта Азияда және аздаған бөлігі Шығыс Еуропада орналасқанын атап өтті.  Әрбір ел 65 белгі бойынша таңдалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары