$ 447.4  477.55  4.76

Наурыз мерекесіне орай елімізде қосымша пойыздар жолға шығады

Наурыз мерекесіне орай алдағы күндері елімізде ерекше сұранысқа ие болып отырған бағыттарда қосымша пойыздар жолға шығады. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Аталған мекеме мамандарының айтуынша, Наурыз, Жаңа жыл секілді мерекелерде жолаушылардың саны елімізде еселеп артады екен. Сондықтан жыл сайын қосымша вагондар мен пойыздар кестеге енгізіледі. Алдағы Наурыз мерекесі қарсаңында мына бағыттарда қатынайтын жолаушылар үшін осындай мүмкіндікке ие болмақ:

- №154/153 бағытындағы Астана - Алматы пойызы, Астанадан 18 наурызда шығып, Алматыға 19 наурызда жетеді;
- №157/158 бағытындағы Алматы-2 - Астана пойызы, Алматыдан 18 наурызда шығып, Астанаға 19 наурызда жетеді;
- №160/159 бағытындағы Алматы - Павлодар пойызы, Алматыдан 19 наурызда шығып, Павлодарға 21 наурызда жетеді;
- №155/156 бағытындағы Алматы-2 - Арыс-1 пойызы, Алматыдан 17 наурызда шығып, Арысқа 18 наурызда жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары