11.10.2023, 22:30

Өскеменде колледж студенттері жаппай уланды

Фото: Pixabay
Сонымен қатар, жалға алушыға қатысты жоспардан тыс тексеру басталды.

Өскеменде көпсалалы технологиялық колледждің студенттері жаппай астан уланды, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, астан улану белгілері 10 студенттен байқалған. 10 қазан күні колледждің 1 курс студенттері жедел жәрдеммен Ана мен бала орталығына жеткізілді. Студенттердің барлығына тамақтан улану диагнозы қойылды. Тексеруден кейін науқастар амбулаторлық емдеуге жіберілді. 11 қазаннан бастап колледж студенттері қашықтықтан оқытуға көшті, колледж асханасын жалға алушы зертханалық тексеру нәтижелерін алғанша жұмысын тоқтатты. Сонымен қатар, жалға алушыға қатысты жоспардан тыс тексеру басталды. ШҚО полиция департаменті студенттердің улану фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабының 1-бөлігі (санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.