12.10.2023, 09:40

Ақтөбе облысында қызылша ауруы өршіп тұр

Фото: pixabay
Мамандар жағдай осылай жалғаса берсе, білім беру ұйымдары онлайн режимге көшуі мүмкін екенін ескертеді.

Зертханалық тексеріс нәтижесінде олардың 370-нен ауру белгілері анықталған. Дәрігерлердің айтуынша, балалар арасында қызылшаға қарсы екпе алмағандар көп. Қазір ем алып жатқандардың да көбі он төрт жасқа дейінгілер, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқу жылы басталғалы 56 бала ауырған. Ауруханаларда барлығы 70 науқас бар. Қосымша 101 кереуеттік орын дайындалды. Мамандар жағдай осылай жалғаса берсе, білім беру ұйымдары онлайн режимге көшуі мүмкін екенін ескертеді, деп жазды qazaqstan.tv.

Баланың саны 4-5 асқан жағдайда алдын алу шараларының тәртібіне сай, сол мектептің бірінші сыныбы әрі қарай бүкіл мектепке дейін жабылу қаупі орын алуы мүмкін. Жоспарға сай, санына сай, егер етек жайып бара жатса жабамыз, - деді облыстың бас инфекционист дәрігері Мейрамбек Құрманғазин.