$ 494.87  520.65  4.91

Қысқа мерзім ішінде жасанды интеллектіні дамыту үшін барлық жағдайды жасау қажет - Президент

Жасанды интеллект бұдан былай ғылыми фантастика емес, өмірдің ақиқатына айналды.
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды Ақорда.

Жасанды интеллект бұдан былай ғылыми фантастика емес, өмірдің ақиқатына айналды. Кезінде электр жарығы мен интернетті ойлап табу тіршілігімізді қалай түбегейлі өзгертсе, жасанды интеллекті технологиясының ықпалы да дәл сондай орасан зор.

Кейбір сарапшылардың бағалауынша, жасанды интеллектінің жаһандық экономикаға қосатын елеулі үлесі – дүниежүзілік ЖІӨ-нің төрттен бір бөлігіне парапар. Аталған технологияның кең қолданысқа ие болуы Қазақстанның қарқынды дамуында маңызды рөл атқара алады. Сондықтан қысқа мерзім ішінде жасанды интеллектіні дамыту үшін барлық жағдайды жасау қажет, - деді Президент.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары