Синоптиктер 13 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады, Қазақстан Республикасының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр соңы қарға ұласады.
Қазақстанның солтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашын жаумайды, - деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.
Республиканың барлық аумағында екпінді жел соғып, тұман түседі.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -2-4°С, күндіз +8+10°С.
Алматыда күндіз бұлтты, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +14+16°С.
Шымкентте түнде және таңертең күн бұлтты болады, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +9+11°С.