$ 494.87  520.65  4.91

Израиль билігі ХАМАС-ты жоятынын хабарлады

"Ұлттық бірігу" оппозициялық партиясының лидері Бени Ганц төтенше үкімет құрамына өзінің енуі туралы да сөз қозғады.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаняху ХАМАС тобының әр мүшесі "өлік" екенін айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ВВС-дің жазуынша, Әлем "Ислам мемлекеті" террор тобының көзін қалай құртса, Израиль де ХАМАС-ты солай жояды, деп мәлімдеді Нетаняху сәрсенбіде төтенше үкімет құрылғаннан кейін өткізген алғашқы баспасөз мәслихатында.

ХАМАС сенбіде тұтқиылдан шабуыл жасағаннан кейін Израильдің осы топқа не істемек ниеті барын алғаш рет нақты айтты деп хабарлады ВВС.

Израильдің бұрынғы қорғаныс министрі, "Ұлттық бірігу" оппозициялық партиясының лидері Бени Ганц төтенше үкімет құрамына өзінің енуі елдің жұмылып, бірлескенін көрсетеді деп мәлімдеді.

Егер Ливан тарапынан шабуылдар жасалатын болса, Израиль қажет деп тапқан қатаң шаралармен жауап беретін болады деп хабарлаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары