$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақтан Айтжанов кететін болса, қазақ боксы бітеді»: Аслан Қажен

Карина жұдырықтасқан жоқ, ол еркектен таяқ жеді.

Азия ойындары – 2023 өз мәресіне жеткенімен, көптің көкейінде жауабы жоқ сан сұрақ қалып қойды. Осы орайда белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов  Qasqa Jol Youtube арнасына сұхбат беріп, Азия ойындарында орын алған біраз былықтың бетін ашты, деп Skifnews.kz ақпарат порталы.

Спорт журналисінің айтуынша, боксшылар өз баптарында болғанымен, оларға қарсы тұрған түрлі тосқауылдар болған. Үнемі боксты сынап жүретін журналист бұл жолы былғары қолғап шеберлеріне айтатын уәжім жоқ дейді.

Алматы әуежайынан спортшыларды ресми шығарып салу рәсіміне боксшылар келген жоқ. Себебі, олар Түркістанда дайындықта болған. Олар соңғы минутқа дейін шыңдалып, Ханчжоуға ұшақ ұшатын уақытта келді. Елордада өткен іріктеудің барлығы бақылауымда болды. Бұрмалау, жақындарын тарту, жемқорлық болған жоқ. 

Азия ойындарының нәтижесінен кейін көпшілік ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановты қызметінен босату керек деген дау шығарды. Аслан Қаженнің сөзінше, бұл - нағыз іріткі салу. 

Айтжанов тактиканы қойды, жігіттер оны бұлжытпай орындады. Бізде қазір одан басқа адам жоқ. Айтжанов Парижге жігіттерді апару керек, қысқа уақыт ішінде өзгерістер жасауға болмайды. Іріткіні салып жатқан көрші елдің өкілдері. Мен оны ателеттер қалашығында естідім. Қазақтан Айтжанов кететін болса, қазақ боксы бітеді. Ол үшін не істеу керек? Отты ішке салып, іріткі салу керек. Қазақ халқы, Бокс федерациясы бір-бірімен қырылуы керек. Бұған өзімнің көзім жетті.

Спорт журналисі Азия ойындарында бұрмалаудың көп болғанын айтады. Тіпті, бас бапкерге барып боксшыларды алаңға шығармай байкот жариялауды да ұсыныпты.

Асланбек Шымбергенов пен Карина Ибрагимованың құқығын қорғау үшін қазір барлығы жұмыстанып жатыр. Асланбектің жеңісі ұрланды. Карина хромосомасында еркектің гормоны басым қарсыласпен шықты. Карина жұдырықтасқан жоқ, ол еркектен таяқ жеді. Сынама нәтижесін өз көзіммен көрдім. Осының бәріне куә болғаннан кейін бапкерге барып, байкот жариялайық дедім. 

Еске сала кетейік, биылғы күздің басты спорт бәйгесі – Азия ойындары осы жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтті.  Қазақстаннан ел намысын қорғауға 30 спорт түрінен 524 саңлақ (262 ер, 262 әйел) аттанды. Жалпы қорытынды бойынша Қазақстан спортшылары Азия ойындарында 80 жүлде: 10 алтын, 22 күміс пен 48 қола медаль жеңіп алды. Осылайша, үздік ондыққа іліге алмаған ел құрамасы 11 орынды қанағат тұтты. Бұл – Азия ойындарында біздің спортшыларымыз көрсеткен ең төмен нәтиже. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары