13.10.2023, 10:20

Атырауда қоршаған ортаға зиян келтірген компанияға 923 млн теңге айыппұл салынды

Фото: pixabay
Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Атырау облысында қауіпті қалдықтарды сақтаған кәсіпорынға 923 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Жылыой Болашақ» ЖШС-і рұқсат құжаттарынсыз мұнай шламдарын жинақтау бойынша қызметті жүзеге асырғанын анықтады.

Мәселен, 2022 жылдан бастап қауіпті қалдықтарға жатқызылған 477 тонна мұнай шламы жинақталған. Осы факті бойынша «Жылыой Болашақ» ЖШС-не сот 923 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды, - делінген прокуратура хабарламасында.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.