Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) IBF титулына ие германиялық Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 КО) жекпе-жек алдында көз арбасты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айқас АҚШ-тың Розенберг қаласында өтеді. Отандасымыз WBO титулын екінші рет қорғағалы отыр, ал Гуальтиери белбеуін алғаш рет қорғайды. Винченцо бұл атаққа биыл шілдеде бразилиялық Эскива Фалькаоды жеңіп, қол жеткізген. Екі боксшы да белбеу біріктіретін жекпе-жекке алғаш рет шығады, деп жазады Kazinform.
Әлімханұлы - Гуальтьери арасындағы кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, бокс кеші 15 қазан күні Астана уақытымен 07:00-де басталады.