13.10.2023, 17:40

Арқалықтағы түрмеден алты қылмыскер қашып кетті деген ақпарат тарап жатыр

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Ақпарат таратушылар олар қаруланғанын айтқан.

WhatsApp-та түрмеден қашып кеткен қылмыскерлер туралы жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

Қостанай облысының тұрғындары WhatsApp-та түрмеден қашып кеткен қылмыскерлер туралы хабарлама таратып жатыр. Олардың айтуынша, қаруланған 6 тұтқын Арқалықтағы мекемеден қашып кеткен.

Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды.

(Фото: stopfake.kz)

Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті әлеуметтік желілерде тараған Арқалықтағы түзеу мекемесінен қашып кеткен сотталғандар туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Еске салайық, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, - деді ведомствоның баспасөз қызметі.