$ 443.37  474.49  4.83

Жәнібек Әлімханұлының үздік 5 нокаутын анықтаған ВИДЕО жарияланды

Отандасымыз жексенбінің таңында Розенбергте (АҚШ) IBF чемпиондық атағына ие Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 КО) жұдырықтасады.

Top Rank промоутерлік компаниясы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының ең үздік 5 нокаутынан видео жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Отандасымыз жексенбінің таңында Розенбергте (АҚШ) IBF чемпиондық атағына ие Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 КО) жұдырықтасады. 

Оқи отырыңыз: Әлімханұлы мен Гуальтьери жекпе-жек алдында көз арбасты

Жәнібек орта салмақта (72,6 кило) WBO чемпиондық атағына ие. Германиядан шыққан қарсыласы да өз атағын қорғауға дайын. Қазақстандықтар жекпе-жекті QazSport арнасынан тамашалай алады. 

Розенбергтегі бокс кешін Top Rank компаниясы ұйымдастырып жатыр. Шаршы алаңдағы шайқас алдында отандасымыздың үздік нокауттарын түзген арнайы видео жариялады. 

Видеода төмендегі 5 жекпе-жек топтастырылған:

1. Жәнібек Әлімханұлы — КО 5 — Стюарт Маклеллан (17 тамыз 2019; Лос-Анджелес, АҚШ);

2. Жәнібек Әлімханұлы — ТКО 8 — Хассан Энжикам (20 қараша 2021; Лас-Вегас, АҚШ);

3. Жәнібек Әлімханұлы — КО 2 — Гонсало Кориа (9 қазан 2020; Лас-Вегас, АҚШ);

4. Жәнібек Әлімханұлы — КО 2 — Дэнни Дигнум (21 мамыр 2022; Лас-Вегас, АҚШ);

5. Жәнібек Әлімханұлы — КО 2 — Стивен Батлер (13 мамыр 2023; Стоктон, АҚШ). 

Дереккөз: massaget.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары