Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД кеңістігінде және одан әлдеқайда кеңірек халықаралық ауқымда орыс тілін насихаттау үшін қабылданып жатқан шаралар елдеріміздің ұлттық бірегейлігін нығайту үрдісіне кері әсер етпейтінін айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы алдымен ТМД-ға мүше елдер арасындағы көпжақты ықпалдастықта орыс тілі ерекше рөл атқаратынына тоқталды. Биыл ТМД-да "Орыс тілі жылы" жарияланды.
Бұл ұйым дербес халықаралық құрылымға айналады, құқық субъектісі ретінде танылады. Жаңа ұйым барлық ел үшін ашық болады. Әрине, бұл – жаһандық гуманитарлық ынтымақтастық тұрғысынан өте өзекті. ТМД кеңістігінде және одан әлдеқайда кеңірек халықаралық ауқымда орыс тілін насихаттау үшін қабылданып жатқан шаралар елдеріміздің ұлттық бірегейлігін нығайту үрдісіне кері әсер етпейді. Қазақстан қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін күшейту саясатын жалғастыра береді, – деді Тоқаев.