Қазақстан құтқарушылары Ауғанстандағы жұмыстарды аяқтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жойқын жер сілкісінен зардап шеккендерге көмектесу үшін 45 төтенше жағдай қызметкері Ауғанстанға аттанған еді.
Олар үш күнде 80 жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсетті. 211 баспананың үйіндісін бөлшектеді. Наиброфи елдімекеніндегі 700 қираған үйдің учаскесіне бақылау жүргізді. Жергілікті биліктің өтінішімен қатты дауылдан шатырсыз қалған баспаналарды тексерді. Сондай-ақ, зілзаладан қаза тапқан 1 баланың денесін алып шықты, деп жазды qazaqstan.tv.
Құтқарушылар мен дәрігерлерден құралған жедел топ 14 қазан, яғни ертең елге оралады.