14.10.2023, 01:30

Медеуде қар жауды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр
Метеорологиялық стансалар Алматыда жаңбыр жауып, жел күшейеді деп болжаған.

Әлеуметтік желіде Медеуде жауған қардың видеолары пайда болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматылықтар мен қала қонақтары 13 қазанда Медеуде жауған қардың видеосын жүктеп жатыр.

13 қазанда метеорологиялық стансалар Алматыда жаңбыр жауып, жел күшейеді деп болжаған, алайда кешке қарай Медеуде қар аралас жаңбыр жауған.