$ 443.35  475.54  4.82

Жәнібек Әлімханұлы маңызды жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

15 қазан күні таңертең екі орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін біріктіру жекпе-жегін өткізеді.
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық, спортшы, кәсіби боксшы Жәнібек Әлімханұлы ертең германиялық Винченцо Гуальтиеримен өтетін жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Салмақ өлшенді. Ертеңге дайынбыз!, - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Instagram-дағы парақшасында.

Қазақстандық WBO чемпионының нәтижесі - 72,257 келі, ал IBF чемпионы германиялық Винченцо Гуальтиери - 72,347 келі.

Жәнібек Әлімханұлы мен Винченцо Гуальтиери жексенбі, 15 қазан күні таңертең екі орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін біріктіру жекпе-жегін өткізеді: WBO және IBF титулдары сөз болады. Бұл жекпе-жек Розенбергте (АҚШ, Техас) өтеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары