Талдықорғандағы банктердің бірінде оқыс оқиға болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
74 жастағы кейуана қарызын өтей алмаған. Содан соң ол банк бөлімшесіне барып, сол жерде өз-өзіне қол жұмсамақ болған, деп жазады Ulysmedia.kz.
Несие алған банкке барған кейуана қолын пышақпен кесіп жіберген. Бақытымызға орай, жарасы тайыз болып шықты. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін егде жастағы науқас амбулаторлық емдеуге үйіне жіберілді.