Жамбыл облысында үш жетім баланың пәтер кезегі заңсыз кейінге ысырылған. Сот жетім балалардың талап-арызын қарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Жамбыл облыстық сотына сілтеме жасап.
Жамбыл облыстық соты 3 жетім баланың Тараз қаласының Тұрғын үй комиссиясы мен «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» КММ-не комиссияның кезекті ауыстыру туралы шешімін заңсыз деп тану және оның күшін жою, оларды тізімде қалпына келтіру туралы әкімшілік істі апелляциялық тәртіппен қарады.
Істі қарау нәтижесінде жауапкерлердің заңсыз әкімшілік актісі мен заңсыз әрекеттерінің күшін жою арқылы сотпен балалардың құқықтары мен мүдделері қорғалды, - делінген сот хабарламасында.