$ 448.89  477.93  4.76

Атырауда балабақшадан қашып кеткен 4 жасар сәби өзенге ағып кете жаздады

Леня есімді баланы суға батып бара жатқан жерінен сол маңдағы куәгерлер құтқарып алған. Бұл туралы атыраулық тұрғындар Facebook әлеуметтік желісінде жазды.

«Баланың аты Леня, ол 4 жаста. Балабақшадан қашып кеткен. Ол өзенге түсіп кеткен болатын, бірақ оны құтқарып алды. Ол үйінің мекенжайын білмейді. Оны жедел жәрдем көлігі балалар ауруханасына алып кетті. Егер ата-анасын білетін болсаңыздар хабар беріңіздерші», - делінген аталған жазбада.

Төтенше жағдайлар қызметіне осы оқиға туралы хабар сағат 19-20-да түскен. Құтқарушыларға әйел азамат телефон шалып, өзенге түсіп кеткен балаға жедел жәрдем шақырып беруді сұраған.

«Абырой болғанда баланы куәгерлер құтқарып алды, бізге құтқарушыларды жіберуді қажеті болмады. Біз жедел жәрдем шақырып бердік. Баланы балалар ауруханасына алып кетті», - деді төтенше жағдайлар қызметінің кезекшісі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары