$ 444.22  476.38  4.82

Үндістанда 72 жасында тұңғышын босанған әйел денсаулығынан айрылғанын айтты

Үндістанның Амритсар қаласында тұратын 73 жастағы әйел былтыр тұңғышын босанған болатын. Содан бері ол денсаулығының күрт нашарлағанын айтып шағымдануда деп жазады Daily Mail.

Далджиндер Каур тұңғыш перзентін 2016 жылдың сәуірінде босанған болатын. Сол уақыттан бері әйелдің қан қысымы жоғарылап, буындары сырқырайды екен және тез шаршап қалады. Дәрігерлер оған сан-түрлі дәрілер жазып беріп, үнемі диета ұстауын талап етіпті.

Қарт ана сәбиін үш айдан кейін емшектен шығарып жібергенін айтып отыр. Өйткені, сүті шықпай қалған. Баланың әлжуаздығына қарамастан дәрігерлер оның денсаулығына төніп тұрған қауіптің жоқ екенін, алдағы уақытта жылдам салмақ жинайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, 72 жастағы әйел екі жыл дәрігерлердің қарауында болып, ЭКО тәсілі арқылы жүкті болған еді. Баланың әкесі 80 жастағы күйеуі Мохиндер Сингх Гилл.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары