$ 443.35  475.54  4.82

Мейірім Нұрсұлтанов WBO нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы атанды

Бұл туралы Доминикан Республикасында өткен WBO конвенциясында айтылды.
Фото: Sports.kz
Фото: Sports.kz

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) нұсқасы бойынша 2023 жылдың орта салмақтағы үздік боксшысы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Доминикан Республикасында өткен WBO конвенциясында айтылды, деп жазды Sports.kz.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мейірімнің келесі жекпе-жегі қазан айына жоспарланғаны хабарланған болатын.

Ал бұған дейінгі жекпе-жегі сәуір айында Инчхонда (Оңтүстік Корея) өтті. Ол жапондық Кадзуто Такесакомен (16-1-1, 15 КО) жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, WBO International титулын қорғаған болатын.

Айта кетейік, BoxRec.com сайтының нұсқасы бойынша М.Нұрсұлтанов қазақстандық боксшылар рейтингінде салмақ дәрежесіне қарамастан көш бастап тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары