$ 439.43  473.31  4.82

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Республикамыз бойынша түнде және таңертеңгі уақыттарда тұман болады деп болжанады
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

"Қазгидромет" РМК 15 қазанда еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамы бойынша, бүкіл республикамызда қатты жел мен тұман болады деп күтіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, атап айтқанда, жауын-шашын болады, еліміздің шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел болады деп болжанады. Еліміздің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша түнде және таңертеңгі уақыттарда тұман болады деп болжанады, - делінген 
"Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және Орал қаласында тұман болады деп күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында сынап бағаны 1 градус суықты көрсетіп, үсік жүруі ықтимал. 

Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады деп күтіледі. Өңірде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысының орталығында өрт қаупі жоғары.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында тұман түседі деп күтіледі. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде және Петропавл қаласында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Астанада соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі. 

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және Қарағандыда тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, күндіз оңтүстігінде, батысында және Павлодарда соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында және Ақтөбе қаласында тұман түседі деп күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары