$ 443.37  474.49  4.83

Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша Әлем чемпионы атанды

Файтеріміздің техникалық нокаутпен жеңісін тіркеді.
Фото: : instagram.com/janibek_alimkhanuly
Фото: : instagram.com/janibek_alimkhanuly

Розенбергте (АҚШ, Техас) орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен IBF белбеуінің иегері, неміс боксшысы Винченцо Гуальтиери арасындағы жекпе-жек аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекті белсенді бастады, бірақ Винченцо Гуальтиери сақтық тактикасын ұстанып, қарсы шабуылға шығуға тырысты, деп жазды Zakon.kz.

Үшінші раундта Әлімханұлы шабуылды үдете түсті, ал төртінші раундта қазақстандықтың бір соққысынан кейін Гуальтиери аяғынан әрең тұрды, бірақ қарсы шабуылға шығуға күш тапты.

Алтыншы раундта Жәнібек қарсыласының тас-талқанын шығарды, ал төреші жекпе-жекті тоқтатып, файтеріміздің техникалық нокаутпен жеңісін тіркеді.

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектен кейін орта салмақтағы төрт белбеуді де жинағысы келетінін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары