$ 443.35  475.54  4.82

«Бұл — Qazaq Style»: Жәнібек Әлімханұлы бүгінгі жеңісі жайында пікір білдірді (ВИДЕО)

Бұл стильді бокс тарихында қалдырғымыз келеді.
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Кәсіпқой рингте қарсылас шыдатпай жүрген қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10КО) неміс Винченцо Гуальтиериді (21-1-1, 7КО) жеңгеннен кейін рингте сұқбат берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқи отырыңыз: 

Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша Әлем чемпионы атанды

Иә, бұл біздің бокс, бұл —Qazaq Style. Бұл стильді бокс тарихында қалдырғымыз келеді. Бастапқыда қарсыластың ашық боксқа бармайтынын білдік. Винченцо мені бір соққымен сұлатқысы келді. Оған да мен дайын болдым. Ары қарай жоспар қандай? Енді қалған екі белбеуді алып, абсолютті әлем чемпионы атанғым келеді. Мұны Top Rank ұйымдастырады деп сенемін, - деді Әлімханұлы.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары