16.10.2023, 05:30

Велоспорт: Алексей Луценко «Түркия туры» көпкүндігінің жеңімпазы атанды

Фото: sports.kz
Қазақстандық команда сапынан Микеле Гадзоли - 13, Харольд Техада - 28, Глеб Сырица - 121, Марк Кавендиш - 126-орынға жайғасты.

Қазақстандық Алексей Луценко «Түркия туры» велоспорт көпкүндігінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бірнеше күнге созылған веложарыстың соңғы күнінде «Alpecin-Deceuninck» намысын қорғайтын бельгиялық Йеспер Филипсен мәре сызығын бірінші болып қиды, деп жазады Kazinform. Екінші орын «Астана» намысын қорғайты, нидерландтық Кейс Болға бұйырса, үздік үштікті италиялық Джованни Лонарди («EOLO-Kometa») түйіндеді.

«Астана» капитаны Алексей Луценко жарыстың аталған сатысында сегізінші келді және велокөпкүндіктің бас квалификациясын бірінші орынмен аяқтады.

Қазақстандық команда сапынан Микеле Гадзоли - 13, Харольд Техада - 28, Глеб Сырица - 121, Марк Кавендиш - 126-орынға жайғасты.