16.10.2023, 12:40

Қазақстанда жеке куәлікті шұғыл жасату бағасы арзандайды

Фото: www.gov.kz
Құжат 30 қазанға дейін көпшіліктің талқылауына ұсынылды.

Елімізде жеке куәлікті шұғыл жасату құны арзандайды. Ішкі істер министрлігі жеке куәлікті жедел тәртіппен беру құнын төмендетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық-жобасына сүйенсек, бұдан былай Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында жеке куәлікті жасату бағасы төмендегідей болады:

- құжат 1 жұмыс күнінде дайындалатын болса – 3372,45 теңге (қазір 4 983 теңге);

- куәлік 3 жұмыс күнінде дайындалатын болса – 1770,88 теңге (қазір 2 752 теңге);

Ал облыстардың аудандары мен қалаларында құжат тек 7 жұмыс күні ішінде дайын болады. Оның құны 677 теңге 95 тиын мөлшерінде (қазір 1 116 теңге) бекітілді.

Түзетулер мемлекеттік монополияға жататын Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» қызметтерінің бағасын төмендету жағына қарай, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің түзетулеріне байланысты енгізіледі, – деп жазылған Ашық НҚА порталында

Құжат 30 қазанға дейін көпшіліктің талқылауына ұсынылды.