$ 487.37  532.94  5.09

«ҚазАвтоЖол» 70 мың автожүргізушіге қарызын қайтарады

3 жыл ішінде компанияның жалпы сомасы 50 млн теңгеге берешегі жинақталған.
Фото: www.gov.kz
Фото: www.gov.kz

Қарағанды көлік прокуратурасы ақылы автомобиль жолдарымен жүру негіздері туралы жария шартта автокөлік жүргізушілерінің құқықтарына қайшы келетін талапты анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бас көлік прокуратурасының хабарлауынша, жедел жол қызметтерін тұтынушылар көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін ауыстырған жағдайда пайдаланылмаған төлемдерді қайтара алатын тармақ болмаған.

Бүгінгі таңда, тиісті түзетулер енгізіліп, ақпарат беру мақсатында «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның ресми сайттарында орналастырылды (www.qaj.kz, www.1403.kz).

Жалпы, прокуратураның талдауы Қарағанды облысы бойынша 69 мың автокөлік жүргізушісіне 38 млн теңгеден астам сомаға аванстық төлемдер қайтарылмағанын көрсетті. Прокуратураның араласуынан кейін ғана тұтынушылардың мүліктік құқықтарын қалпына келтіру жұмыстары басталды. 

Ұлттық оператордың мүдделерін қорғау өте әлсіз жүргізілгені анықталды, себебі осы қызметтерді 138 мың тұтынушының 3 жыл ішінде жалпы сомасы 50 млн теңгеге берешегі жинақталғаны белгілі болды. Көбінесе мұндай адамдарға қатысты материалдар ақылы автомобиль жолдарымен жүргені үшін уақтылы төленбеу белгілері бойынша оларды әкімшілік жауапкершіліккетарту мақсатында көліктік бақылау инспекциясына жолданбаған, - делінген прокуратураның хабарламасында. 

Прокуратураның актісі бойынша «Қазавтожол»АҚ филиалының басшылары жол ақысын төлемеген автокөлік жүргізушілеріне қатысты әкімшілік ықпал ету шараларынан алшақтатқаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары