$ 494.87  520.65  4.91

Абай облысындағы өрттен қанша шығын келгені анықталды

Шамамен 130 миллиард – бұл орманның пайдалы қасиеттерінің жоғалуы немесе төмендеуіне байланысты залал.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Абай облысындағы өрттен 165 миллиард теңгеден астам залал келген. Шығынды Экология министрлігі есептеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің, Экология министрлігінің қатысуымен жүргізілген қызметтік тергеуде толық залал 165 миллиард теңгеден асқаны анықталды.

Жалпы, қызыл жалын салдарынан орманның ауданының 6 миллион текше метрі өртенген. 

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев шығын сомасы қалай есептелгенін журналистерге түсіндірді. 

Шындығында, өрт залалы қалай есептелді? 30 миллиард – бұл тікелей залал, өртенген ағаш, техника кіреді, ал шамамен 130 миллиард – бұл орманның пайдалы қасиеттерінің жоғалуы немесе төмендеуі. Тікелей келтірілген залал 160 миллиард теңге көлемінде, - деді Нысанбаев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары