Өндіріс көшесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Өндіріс көшесінде орташа жөндеу жүргізіледі.
Осыған байланысты 17-20 қазан аралығында Солтүстік айналма жолдан «Астана қаласын айналып өту» автомобиль жолына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.