$ 443.37  474.49  4.83

Дәулет Тұрлыханов тағы бір қызметке тағайындалғанын хабарлады

«Динамо» бір жылдан кейін өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтпек.
Фото: Дәулет Тұрлыхановтың фейзбук парақшасынан
Фото: Дәулет Тұрлыхановтың фейзбук парақшасынан

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов тағы бір лауазымды қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шенеунік жаңа қызметі туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Осы аптада тағы бір жақсы жаңалық орын алды. Астанада «ДИНАМО» СҚ-ның кезектен тыс Конференциясы өтіп, онда Президиумның жаңа құрамы мен осы спорт Қоғамының төрағасы сайланды. Отырыс  қорытындысы бойынша  «Динамо» Қоғамының басшысы болып ҚР Ішкі істер Министрі Ержан Сәденов сайланды. Мен Президиумге  отыру құрметіне ие болдым. Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар Президиумға атақты суға жүзгіш, «Рио-2016» Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландинді сайлады.

Тағы оқи отырыңыз: Депутат Тұрлыханов бағдарлама кезінде көз жасына ерік берді (ВИДЕО)

 «Динамо» бір жылдан кейін өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтпек.  Еліміздің көптеген даңқты спортшылары «Динамо» сапында  ақ-көк түсті жейденің намысын қорғады. Бүгінгі таңда  «Динамо» қатарында болу үлкен абырой мен мәртебе болып табылатыны сөзсіз! Жиында әріптестеріме   артылған сенім үшін үлкен алғысымды білдіріп, Қоғам жұмысына сәттілік тіледім!, - деп жазды Д.Тұрлыханов. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары