16.10.2023, 22:30

Елордада 9-қабаттан құлаған төрт альпинистің тағы біреуі бақилық болды

Фото: pixabay.com
Төртіншісінің жағдайы мәз емес.

Астаналық №2 көпсалалы ауруханада 9-қабаттан құлаған 24 жастағы альпинист қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға түскен кезде науқастың жағдайы өте ауыр болған. 

Қазіргі кезде құрылыс алаңында құлаған төрт альпинистің біреуі ғана тірі, оның жағдайы мәз емес. 

Оқиғаны қалалық ортаны бақылау және сапа басқармасы құрған комиссия зерттейді. Тергеу қорытындысы бойынша материалдар полицияға беріледі.

Тағы оқи отырыңыз: Астанада құрылыс алаңында 4 жұмысшы биіктіктен құлап, біреуі қаза тапты

Бүгінде оқиға болған жерде құрылыс тоқтатылған. 

Еске салсақ, бұған дейін Астанада төрт өнеркәсіптік альпинистің 9-қабаттан құлағаны туралы ақпарат таратқанбыз. Оқиға болған жерде біреуі, кейін ауруханада екіншісі мерт болған. Енді бүгін үшінші альпинистің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.