Соңғы 4,5 жылда үйдегі зорлық-зомбылықтан 869 адам көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Үкімет отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты.
Сол уақыт аралығында денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 2086 фактісі тіркелген.
Отбасыларға жан-жақты көмек көрсету үшін өңірлерде 68 Отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді, оның 19-ы уақытша баспанамен қамтамасыз етеді. Бұл тәжірибе 2019 жылдан бері бар. Жәрдемге мұқтаж азаматтарға «бір терезе» қағидаты бойынша көмек көрсетілуде, - деді министр.