$ 510.08  539.61  5.15

Некеге тұратын қазақстандықтар жаңа ережені орындауға міндетті болмақ

Астана мен Шымкентте «Неке қиюды тіркеуге өтініш білдірген азаматтарға некеге дейін тегін кеңес беру және оқыту» пилоттық жобасы іске қосылды.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com


Қазақстанда «Бақытты қазақстандық отбасы» интерактивті нұсқаулығы әзірленді. Нұсқаулық некеге тұрған ерлі-зайыптылардың оң отбасылық дәстүр мен рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтауына бағытталған, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, бұдан былай некеге тұратын жұптардың отбасылық дәстүрлері мен рухани-адамгершілік құндылықтары туралы ақпараттар «Электронды үкімет» жүйесінде бейнеролик түрінде көрсетіледі. Некеге тұруға онлайн өтініш берген азаматтар осы нұсқаулықпен міндетті түрде танысып шығуы тиіс.

Тағы бір маңызды жайт, Мәдениет министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықты орналастыру қорымен (ЮНФПА) бірлесіп, Астана мен Шымкентте «Неке қиюды тіркеуге өтініш білдірген азаматтарға некеге дейін тегін кеңес беру және оқыту» пилоттық жобасын іске қосты.

Министрдің сөзінше, некеге тұрар алдында ерлі-зайыптыларға отбасын жоспарлау және отбасы психологиясы, репродуктивті денсаулық, отбасылық бюджетті жоспарлау және басқа да маңызды мәселелер бойынша кеңес беріледі.

Егер нәтиже сәтті болса, біз мұндай мүмкіндікті барлық өңірлерде енгізуді қарастырамыз, – деді Аида Балаева.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары