17.10.2023, 18:20

Бүгін футболдан Ұлттық құрама сырт алаңда Финляндиямен кездеседі

Фото: pixabay
Сондай-ақ аталған турда Солтүстік Ирландия мен Словения, Сан-Марино мен Дания құрамалары кездеседі.

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы сегізінші ойынын Финляндияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Финляндия мен Қазақстан кездесуі 17 қазанда елорда уақытымен 22:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп жазады Kazinform.

Кездесуде босниялық төрешілер бригадасы қызмет атқарады.

Бас төреші – Ирфан Пельто, оған Сенад Ибрисимбегович пен Давор Бельжо көмекшілік жасайды. Төртінші төреші – Милош Гигович.

Екі команда бұған дейін ресми ойындарда бес мәрте кездескен. Барлығында финлндиялық футболшылар жеңіске жетті.

Сондай-ақ аталған турда Солтүстік Ирландия мен Словения, Сан-Марино мен Дания құрамалары кездеседі.

Жеті турдан кейін H тобында 16 ұпаймен Словения мен Дания көш басында тұрса, одан кейінгі орындағы Финляндия мен Қазақстанның 12 ұпайы бар.