Бүгін Бейжіңде өтіп жатқан жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» ІІІ форумына қатысатын мемлекеттер басшыларының бірге суретке түсу рәсімі өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ал 17 қазан күні Халық мәжілісі үйінде «Бір белдеу, бір жол» үшінші халықаралық форумына қатысушы делегация басшыларын ресми қарсы алу рәсімі өткен болатын. ҚР Президенті бейресми жағдайда Индонезия Президенті Джоко Видодомен, Пәкістан Премьер-министрінің міндетін атқарушы Анвар-ул-Хак Какармен, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен, Сербия Президенті Александр Вучичпен, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен, Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен жүздесті. Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ өзара ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.