18.10.2023, 11:00

Астанада заңсыз құрылыс салушылардың мүлкі тәркіленді

Фото: Астана қаласының прокуратурасы
7 талап қою арқылы 100-ден астам үлескердің құқықтары қорғалды.

Елорда прокуратурасы мемлекет пайдасына жосықсыз құрылыс салушылардың мүлкін тәркіледі,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астана қала прокуратурасының мәліметінше,  ден қою актілері негізінде мемлекет меншігіне жосықсыз құрылыс салушылардың жер учаскесімен бірге 5 қабатты ғимарат, 7 тұрғын емес үй-жайлар өтті.

Бұл шаралар проблемалық объектілерді салуға жұмсалған бюджет қаражатын толықтыруға мүмкіндік берді.

7 талап қою арқылы 100-ден астам үлескердің құқықтары қорғалды.

Алданған азаматтардың объектілері құрылыс салушылардан тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне берілді. Бұл олардың құрылысын жалғастыруға мүмкіндік береді.