$ 442.05  474.14  4.74

Отандық рекорд: «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі үш күнде 107 млн теңге кассалық кіріс түсірген

Екінші орынға да отандық комедия жайғасқан.
Фото: Ulysmedia.kz
Фото: Ulysmedia.kz

Фильм өткен жылы Qazaqstan телеарнасынан көрсетілген аттас телехикаяның негізінде түсірілген, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тарихи фильм 1909-1935 жылдарды,  "Алаш-Орда" үкіметі мен Қазақстанның ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі Міржақып Дулатұлының өмірінің айтулы кезеңін қамтиды.

Қазірдің өзінде бұл отандық фильмдер ішінде рекорд екені айтылып жатыр, деп мәлімдейді Ulysmedia.kz.

Тикетон сайтында 2023 жылдың 12-15 қазаны аралығында кинотеатрларда көрсетіліп жатқан фильмдердің кассалық түсімі жарияланған.

Бірінші орында “Міржақып. Оян, Қазақ” фильмі тұр. Екінші орынға да отандық комедия жайғасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары